А.Е. КАРПОВ II КУБКІ ҚЫРҒЫЗСТАНДА ӨТЕДІ

2019 жылдың 29 шілдесімен 8 тамызы аралығында Қырғызстан Республикасы Шолпан-Ата қаласында шахматтан 6 және 14 жас аралығында балалар арасында А. Е. Карпов II Кубкі өтеді.

Турнир рейтингтің жалпы қорытындысы бойынша қатысушылардың санына байланысты ФИДЕ ережелеріне сай  швейцариялық 9 турлы (немесе айналма) жүйемен өтеді.

Турнир кестесі:
29 шілде – келу күні
30 шілде, 18:00 дейін – турнир қатысушыларын тіркеу
30 шілде, 10:00 – ашылу салтанаты
30 шілде, 11:00 – 1 тур
31 шілде, 10:00 – 2 тур
01 тамыз, 10:00 – 3 тур
02 тамыз, 10:00 – 4 тур
03 тамыз, 10:00 – 5 тур
04 тамыз, 10:00 – 6 тур
05 тамыз, 10:00 – 7 тур
06 тамыз, 10:00 – 8 тур
07 тамыз, 10:00 – 9 тур
07 тамыз, 19:00 – жабылу салтанаты
08 тамыз – қайту күні

Шахматтан 6,8,10,12 және 14 жас аралығындағы балалар мен қыздар арасындағы «А. Е Карпов II Кубкі» жеңімпаздары кубоктермен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Орын алғандар — бағалы сыйлықтар мен дипломдар алады.

Әрбір қатысушы қатысқаны туралы сертификат алады.

Әрбір шетелдік ойыншы және оларды ертіп жүрген адам $100 (жүз АҚШ доллары) көлемінде Тіркелу төлемін жасайды. Тіркелудің соңғы күні 2019 жылдың 30 маусымы. Ойыншы жеке өзі жазыла алады немесе Ұлттық Федерация атынан жазылуға мүмкіндігі бар.

Өтініш берудің соңғы күні – 30 маусым 2019 жыл.

Тіркелу үшін төмендегі тетіктерді толтыру керек:

Тіркелу формасын толтыру
— Төлқұжаттың көшірмесін жіберу
— Төлем жасалғандығын дәлелдеу (төлем квитанциясын сканерлеу немесе фотоға түсіру)
— Толтырылған тіркелу формасын, төлқұжат көшірмесін және төлем квинтациясын kamilya.a@kazchess.kz электронды поштасына жіберу.

Қатысушылар толтырылған тіркелу формасын төлқұжат көшірмесін, сонымен қатар, төлем квитациясын және тұру орнына кететін қаражаттың 50%-н 2019 жылдың 30 маусымына дейін жіберулері керек.

Регламент

Толығырақ