ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕН КҮМІС АЛДЫ

Үндістанда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Меруерт Камалиденова алтын жүлдені қанжығасына байлады. Ол қыздар арасында 14 жасқа дейінгі категорияда әлемнің 42 елінен келген 82 шахматшының ішінен үздік атанды. Сонымен бірге, 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен Назерке Нұрғали екінші орынды иеленіп,  Қазақстанға медальмен оралды.

«Жеке турнирлерде екі медальмен қатар, Қазақстан жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды, – дейді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов, – әлем чемпионатына жасөспірімдер арасында бірнеше жүздеген үздік шахматшылар қатысты және біздің ойыншылар лайықты нәтижелер көрсетті».

Ойындардың нәтижелері бойынша төрт қазақстандық Меруерт Камалиденова, Назерке Нұрғали, Әсел Серікбай және Рамазан Жалмаханов халықаралық шеберлердің нормаларын орындады.

«Қазақстандағы балалар арасындағы шахмат қарқынды дамып келеді, халықаралық чемпионаттардан жиналған медальдар жылдан-жылға артуда, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Қазіргі жасөспірімдер – бұл келешекте елімізді әлемнің шахмат аренасының жаңа деңгейіне шығаратын негізгі құрама екенін түсінуіміз қажет».

Жасөспірімдер арасындағы шахмат бойынша әлем чемпионаты 64 елден 450-ден астам спортшыны жинады. Жарысқа Қазақстан атынан 9 шахматшы қатысты. Қыздар арасындағы 18 жасқа дейінгі категорияда қызылордалық Әсел Серікбай үздік бестікке кірді. Сондай-ақ, Аманжол Сұлтан (14 жасқа дейін), Лия Құрманғалиева (14 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (16 жасқа дейін), Әсел Лесбекова (16 жасқа дейін), Рамазан Жалмаханов (18 жасқа дейінгі) үздік жиырмалыққа кірді.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО, әлеуметтік серіктесі –  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. 

КФШ ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді.

Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.