ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

30 және 9 маусым аралығында Индонезияның Ява аралында 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер 1 маусымға дейін Индонезия шахмат федерациясына төлем жасауы керек.

Сондай-ақ, қатысушылар 30 сәуірге дейін Қазақстан шахмат федерациясына «Азия чемпионаты U20, Индонезия» тақырыбында хат жолдау керек.

Төмендегі құжаттар тізімі тіркелген хатты sabyr.b@kazchess.kz поштасына жіберу керек:

1. Қатысу туралы өтінім (жүктеп алу);
2. Паспорттардың сканерленген көшірмелері;
3. Сандық фотоңыз;
4. Төлемді растайтын құжаттардың көшірмесі.

1 маусымға дейін төленетін төлем:

  • тіркеу жарнасы: ресми қатысушылары үшін – 100 АҚШ доллары, қосымша қатысушылар мен ересек адамдар үшін – 50 АҚШ доллары,
  • ресми қатысушылар үшін жарна – 75 АҚШ доллары, қосымша қатысушылар үшін – 150 АҚШ доллары,
  • бір адамға қонақүйде тұру құны (тәулігіне 3 тамақ): бір орындық бөлме – 85 АҚШ доллары, екі орындық бөлме – 65 АҚШ доллары, үш орындық бөлме – 50 АҚШ доллары.

Құжаттар 30 сәуірге дейін қабылданады. Қатысушыларды тіркеу жоғарыда көрсетілген барлық баптра үшін толық төлем расталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Төлем туралы түбіртекте  қатысушының аты, сондай-ақ төлем нысаны болуы керек. Барлық құжаттар бір хатта жіберілуі керек.

Төлем жасау деректемелері:
Name of Account: PERSATUAN CATUR SELURUH INDONESIA
Account Number: 126 000 6065 931
Name of Bank: MANDIRI Bank
Address of Bank: Kantor PLN Pusat Jl. Trunojoyo M I No.135 Jakarta Selatan 12160
SWIFT Code: BMRIIDJA

Жарыс ережелері (жүктеп алу)