ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

2015 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан шахмат федерациясының президенті қызметін   Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорының құрылтайшысы   және Алматы марафонының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов атқарып келген болатын. «Соңғы уақытта менің назарымды қажет ететін көптеген әлеуметтік жобалар пайда болды. Соның ішінде  2 спорт федерациясы мен ассоциациялары бар, сондықтан мен әріптестеріме шахмат федерациясының жаңа президентін сайлау туралы ұсыныс жасадым. Біз спортшылардың, жаттықтырушылардың, ұйымдастырушылардың және де менеджерлердің үздік командасын жинадық. Қазіргі таңда Қазақстан шахмат федерациясында барлық бизнес-үрдістер мен стандарттар жолға қойылған. Жаңа басшылықпен федерация алдағы уақытта да тамаша нәтижелер көрсетіп, жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін,» – деп Ғалымжан Есенов құрылтай шешіміне түсініктеме берді.

Соңғы бес жылда әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатында бесінші және Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында он бірінші орынға ие болды. Қазақстанда әлемнің ең үздік шахматшыларын жинаған ірі шахмат турнирлері өткізілді. Қазақстандық шахматшылар Азия Чемпионаты, Азия ұлттары Кубогы, жабық жайлардағы Азия ойындары сынды ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

«Ғалымжан Есенов басшылығымен осы уақыт ішінде шахмат федерациясы орасан зор жұмыстар атқарды. Шахматшыларымыздың қатары жаңа әлем чемпиондарымен толықты. Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирлерден елімізге 202-ге жуық медаль алып келді,» – деп ҚШФ-ның атқарушы директоры Ирина Грищенко толықтырып өтті.

31 қаңтар күні Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) кезектен тыс Құрылтайы болып өтті. Аталмыш құрылтайда ұйымның жаңа президенті болып Бейбіт Атамқұлов сайланды.

Қазақстан шахмат федерациясының қызметі туралы есеп 2015-2019жж. (жүктеу)