ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

Бүгін, 4 мамырда ҚШФ кезектен тыс съезінде көпшілік дауыспен Қазақстандық шахмат федерациясының жаңа президенті болып Құсайынов Ғалым Әбілжанұлы сайланды.

Ғалым Әбілжанұлы Құсайынов – қазақстандық жетекші қаржы институттарының бірі “Банк ЦентрКредит” АҚ-ның БасқармаТөрағасы қызметін атқарады. Өз қызметінде экономика және қаржы саласындағы озық тәжірибелерді пайдалана алатын жаңа форматтағы табысты басшы болып табылады.

 

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұрсұлтан қ. 04 мамыр 2022 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz