ҚР ШАХМАТТАН БАЛАЛАР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

16 қаңтарда Алматыда Қазақстан Республикасының шахмат бойынша балалар чемпионаты аяқталды. 6-18 жас аралығындағы балалар арасында жарыстар классикада, рапидте және блицте болып өтті. Турнирдің барлық үш түрінде жеңімпаздар: астаналық Алдияр Ансат (9 жаста), алматылықтар Айша Закирова (9 жаста), Рамазан Жалмаханов (15 жаста) және павлодарлық Денис Махнёв (17 жаста). Ал ақтаулық Эдгар Мамедов Маңғыстау облысына республика біріншілігінің алғашқы «алтынын» жеңіп алды.
— Бірнеше партияларда мен қиын позицияда болдым, біраз алаңдаушылық болды, бірақ мен сабырлық сақтадым. Қарсылас қыздар өте жақсы дайындалды, ал мен ақыр соңына дейін күрестім, — деп Қазақстан шахматы бойынша 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы чемпионы Айша Закирова өз әсерлерімен бөлісті.

Айшаның 2016 жылдың күзінде Қазақстан үшін шахмат бойынша 8 жасқа дейінгі балалар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алғанын, сол жылы ұқсас жас мөлшердің санатында республика чемпионы болғанын еске саламыз.

Классикалық шахматта және рапидте өздерінің жас мөлшері санаттарында Амина Қайырбекова (12 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (14 жасқа дейін) және Әсел Серікбай (16 жасқа дейін) чемпион атағын жеңіп алды.

Чемпионаттың алтын медальдарының ең көп санын – 6 – Астанадан келген жас спортшылар жеңіп алды. Көшбасшылар арасында сондай-ақ Қызылордадан (3 алтын медаль), Алматыдан және Шымкенттен (2 алтын медальдан) келген шахматшылар бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық тізімін жүктеп алу.

– Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 736 спортшы қатысты. Біз 126 медальді ұтысқа қойдық. Көп жылдар бойы алғашқы рет марапаттаулардың жалпы саны бойынша Алматы бірінші орынға ие болды, ірі мегаполистен шыққан спортшылар 14 медаль жеңіп алды. Қазақстандық шахмат тарихында тұңғыш рет чемпионатқа 6 жасқа дейінгі шахматшылар қатысты. Сондай-ақ біз алғашқы рет турнирдің ең күшті спортшылары партияларының онлайн трансляциясын жүргіздік, — деп айтты Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Турнирдің ең жас ойыншыларының арасында астаналық  6 жасар Ален Армангелді ерекше ойын көрсетіп, көзге түсті, классикалық турнирде ол максималды ықтималды ұпайлар санын жинады — 9-дан 9.

– Жеңіс үшін күрес барлық санаттарда соңғы турға дейін жалғасты: балалар арасында бәсекелестік жоғары болды. Мен Маңғыстау облысының өкілдерін шын жүректен құттықтаймын – олардың тарихтағы Қазақстанның тұңғыш чемпионы пайда болды – Эдгар Мамедов (18 жаста), – атап өтті ҚР шахмат бойынша балалар-жастар құрама командасының бас бапкері Әнуар Исмағамбетов.

Еліміздің жас чемпиондары Грекия мен Испанияда өтетін чемпионаттарға, ал күміс жүлдегерлер— Таиландтағы Азия чемпионатына қатысатын болады.

Турнир ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы және Жансая Әбдімәліктің Шахмат академия. Турнирдің жалпы жүлделі қоры 1 800 000 тенгені құрайды.