ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ КОМАНДАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАРЫ ҚАРАҒАНДЫДА ӨТЕДІ

Қазан айының екінші жартысында Қарағандыда Қазақстанның екі чемпионаты өтеді:

– жылдам шахматтан командалық чемпионат (17-18 қазан аралығында)

– рапид блиц бойынша ерлер арасындағы жеке чемпионат (19-21 қазан аралығында)

Рапид бойынша Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты 17 қазан күні сағат 15:00-де басталады.

Жарысқа Қазақстан Республикасы облыстарының, Алматы және Астана қалаларының құрама командалары қатысады. Команда құрамы -3 ер + 1 әйел.

1-3 орын алған командалар медальдармен, дипломдармен және де ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Қатысуға алдын ала өтінімдер 2019 жылдың 10 қазанына дейін oleg.rinas@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.

Рапид бойынша ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының жеке чемпионаты 19 қазан күні  сағат 14:00 – де, блиц бойынша 21 қазан  сағат 10:00-де басталады.

Жарысқа жылдам шахматтан ҚР командалық чемпионатының қатысушылары, халықаралық атағы бар шахматшылар, 2200 және одан жоғары рейтингті ерлер, 2000 және одан жоғары рейтингті әйелдер қатыса алады.

Қатысуға алдын ала өтінімдер 2019 жылдың 10 қазанына дейін oleg.rinas@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.