ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ 3-ТУРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ

ЖЕҢІС ТЕ, ЖЕҢІЛІС ТЕ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Біздің команда Әзербайжан ерлер құрамасыа қарсы ойнады. Күнгей Кавказ республикасынан келген шахматшылар тек қана өршіл ғана емес, сонымен қатар олар – үш мәрте Еуропа чемпиондары. Бірақ Астанада олар ойынды сәтсіз бастады және кек алуды мақсат етті. Әзірбайжан құрамасын тәжірибелі Аркадий Найдич пен Рауф Мамедов басқарғанын еске салайық.

Матч қазақстандық құраманың жаттықтырушысы Павел Коцурдың сценарийіне сәйкес өтті. Ринат Джумабаев пен Мұртас Қажығалиев дебюттік негізде айтарлықтай ешқандай жетістікке жетпесе де, олар аз ғана болса да артықшылықты сақтай отырып, жеңілу қаупінен аулақ болды. Бірінші және үшінші тақталарда тең аяқтау туралы келісімдер негізінен екінші тақтадағы ойыншымыздың сенімді ойынына байланысты еді.

Әнуар Исмағамбетов қаралармен ойнай отырып, әлемнің таңдаулы шахматшысын жеңе алды. Алғашқы бақылаудың соңында (40-қадамда) біздің шахматшы тақта ортасында қарсыласын толығымен басып алды, сосын оның пешкалары алға ұмтылды. Әзірбайжандық гроссмейстер сөзсіз жеңілістің алдын алу үшін сапаны құрбандыққа шалды. Дегенмен, бұл шара қарсылықты тек сегізден астам қадамға созуға мүмкіндік берді. Бұл – мәнді жеңіс!

Төртінші тақтада Петр Костенко бірнеше тәуекелді қадам жасады, бірақ команданың жаттықтырушысы атап өткендей, бұл қарсыласқа дайындық кезінде ескерілген еді. Матчта тең түсу немесе жеңу мүмкінді жақын болды, бірақ, уақыт өте келе, Петр, өкінішке орай, кейбір қателіктер жіберді. 2:2! Дегенмен, әлемдегі ең мықты командалардың бірімен Қазақстан құрамасының тең  түсуін жеңіс деп қарастыру табиғи деп есептеуге болады. Төртінші тақтадағы жеңіліс, әрине, жағымды жайт емес. Р.Мамедовпен ойнаған біздің Әнуар тең түсуді ұсынғанда, қарсыласы бас тартқан еді, күтпеген жағдай орын алды. Бір тақтада болған «жетіспеушілік» жоспардан тыс «пайдаға» алып келді. Нәтисінде жеңіс бізге бұйырды.

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЕЛГЕ ҚАРСЫ
Біздің қыздарға ойынның басы оңайға түскен жоқ: бірінші турда соңғы командалық әлем чемпионатының жеңімпаздары, Ресей құрамасымен ойнауға тура келді, ал бүгін олимпиада чемпиондарымен күш сынасты. Бірақ, біздің шахматшыларымыздың қарсыластарының алдында ешқашан мойымағанын атап өту керек. Сонымен қатар, олар аспан астындағы елден келген ұлттық құрама командасының жаттықтырушыларына жиі «ренжітуші еді». 1992 жылы Олимпиадада өткен алғашқы кездесуде жеңіске жеткен қазақстандық қыздар қытайлық гроссмейстерлерді тұрақты түрде ұпай жеңіп жүрген еді. 2012 жылы олар Стамбулда өткен Олимпиадада сенімді ойнап, тең түскен еді, дәл сондай нәтиже 2015 жылы Чэндудегі әлем чемпионатында да болған еді…

Бірінші тақтада бұрынғы әлем чемпионы Тан Джон және Жания Әбдімәлік ойнады. Қытайлық мамандардың мақсатты дайындығын күткен біздің шахматшы сирек кездесетін нұсқаны таңдау арқылы Грюнфелд қорғанысынан құтыла алды. Қиын жағдай орнаса да, алматылық гроссмейстер нұсқаларды керемет есептеу мен интуициясының арқасында дұрыс шешім қабылдау алды. Өз уақытында Жансая сапаны құрбандыққа шалып, позицияны толығымен теңестірді. Есеп – тепе-теңдік.

Екінші тақтада Динара Сәдуақасова итальяндық партияны бейқам жалғастыруды таңдады. Әрі қарай, салыстырмалы түрде тыныш жағдайда Динара сабырлы қалпында қиындықтарды ұлғайту мүмкіндігін іздеуді жалғастырды және … тәжірибелі Шен Ян қателіктер жібере бастады! Нәтиже – атпен сенімді жеңіс.

Асаубаева үнді қорғауының күрделі нұсқасын таңдады. Ли Тин Лей өте нәзік әрекет етті және өз уәзірін үш фигураға алмастыру арқылы маңызды артықшылыққа қол жеткізді. Жас шахматшының барлық күш-жігеріне қарамастан, қытайлық гроссмейстер өз артықшылығын қолдана алды. Турдың басында-ақ ұпай қытай командасының пайдасына 1-0 болды.

 

Гүлісхан Нахбаева ақтармен жарқын позиция құра білді. Бесінші қадамда шетте тұрған пешкамен жасаған күтпеген шабуыл 2018 жылғы ҚР чемпионының басқыншыл ұмтылыстарын көрсетті. Дин Исинь позициясы алаңдаушылық туғызғанымен, ол жасырын резервке тола еді. 22-қадамда Гүлісханға күрделі таңдау жасау керек болды. Қадамдарда қайталау арқылы тең түсуге келісу керек пе немесе ойынды жалғастырған дұрыс па? Шымкенттік гроссмейстер екіншісін таңдады да, қате есеп жіберіп алды. Одан кейін ол позициясынан үмітін үзді.

Біздің қыздар 1,5:2,5 есебімен жеңілсе де, лайықты ойын көрсете алды және қытайлық шахматшы қыздардан ең аз айырмашылықпен жеңілді.

Халықаралық әйелдер күнінде Қазақстанның ерлер мен әйелдер командалары Америка Құрама Штаттарының командасымен ойнайды. Осылайша, бұл күні Қазақстан-АҚШ арасында сегіз тақтада ойын өтеді.