ШАХМАТТАН 18 жасқа дейінгі ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Алматыда 2020 жылдың 5-18 қаңтар аралығында классикалық шахмат: рапид және блиц бойынша 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

 

Чемпионатқа қалай қатысуға болатындығын  ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІНЕН оқыңыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер chessacademy.kz@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша қабылданады.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді.

Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас категорияларындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпиондары  классикалық шахматтан ұлдар мен қыздар арасындағы 2020 жылғы Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алады.

Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас категорияларындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегерлері классикалық шахматтан ұлдар мен қыздар арасындағы 2020 жылғы Азия чемпионатына қатысуға жолдама алады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2014 ж. туған және одан кіші жас категорияларды қоспағанда) медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

2014 жылы туған және одан кіші категориядағы жарыс жеңімпаздары медаль және дипломдармен марапатталады. Чемпионатты ұйымдастыру комитеті қосымша жүлделер тағайындау құқығын өзі қарастырады.

Турнирдің ресми жалпы жүлде қоры – 2 000 000 теңге.