ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖОҒАРЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Грекиядан керемет жаңалық келді! 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазбек Ногербек бұл жолы да Қазақстан қоржынына блиц шахматтан тағы бір алтын медаль салды.
 
Блицтен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұрғали алтыннан жүлдегері болып атанды.
 
14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы категорияда күміс жүлде кеше рапидтен қола жүлдегер атанған Даниял Сәпеновке бұйырды.
“Бүгін айтулы күн, Қазақстандық шахмат спортының қоржыны жаңа жоғары марапаттармен толықты. Кадеттер арасындағы жылдам және найзағайлы шахматтан әлем біріншілігінде қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Біздің чемпиондарымызды, олардың жаттықтырушыларын, ата – аналарын және олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал еткендерді құттықтаймын – деді Қазақстандық шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ануар Исмағамбетов.
Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан Қ., 04 мамыр 2022 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz