ФЕДЕРАЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТУРНИРЛЕРІН ӨТКІЗУГЕ БАЙҚАУ

Қазақстан шахмат федерациясы федерацияның ресми турнирлерін өткізуге байқау жариялайды.

Аталмыш байқауға меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қатыса алады. Өтінім үлгісі қосымшада.

Әрбір кандидат 3-тен артық емес турнирлерді өткізуге өтінім беруге құқылы. Конкурсқа қатысуға өтініммен бірге облыстық/қалалық спорт басқармасынан/бөлімінен хат жіберу қажет, бұл олардың турнирді өткізуге мүдделілігін растайды.

Үміткерлерден өтінімдер ағымдағы жылдың (дата) сағат 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) қабылданады.

Толығырақ ақпарат:

* КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ЕРЕЖЕСІ

* КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

Естеріңізге сала кетейік, ҚШФ 2016 жылы жалпыұлттық конкурстар өткізу арқылы ресми шахмат турнирлерін ұйымдастырушыларды анықтаудың жаңа тәртібі туралы жариялады.

Республикалық және халықаралық чемпионаттарда төрешілердің қызметтеріне ақы төлеу туралы ереже (жүктеу).