ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫ БАС БАПКЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ – 2017

_MG_2205Қазақстан шахмат федерациясы Қазақстан Республикасының ерлер, әйелдер және балалар-жасөспірімдер құрама командаларының бас бапкерлері қызметіне БАЙҚАУ жариялайды.  

Байқаудың мақсаты Қазақстан Республикасының  тиісті құрама командаларының бас бапкерлері лауазымына үздік үміткерлерді және қажетті кәсіби тәжірибесі мен білімдері бар, еліміздің құрама командаларының жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге қабілетті, дайындалған тұлғаларды іріктеу арқылы Қазақстан Республикасының ерлер, әйелдер және балалар-жасөспірімдер құрама командаларын дайындау жүйесін жетілдіру болып табылады.

Байқаулық іріктеу туралы ережені және өтінімді сіз мына жерден жүктей аласыз.

Қызығушылық танытқан үміткерлер өтінім мен барлық құжаттар жиынтығын  office@kazchess.kz  электрондық поштасына жіберулері қажет.

Байқау 2016 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап ашық.
Құжаттарды тапсырудың ең соңғы мерзімі – 2017 жылдың 10-шы қаңтары.
Құжаттарыңызды толықтай алғандығымызды + 7 (727) 3270204 телефоны арқылы көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Байқау туралы қосымша ақпаратты осы телефон нөмірі бойынша алуыңызға болады.