БАЛАЛАР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН РФММ 50 ЖЫЛДЫҒЫ КУБОГЫ

Қазақстандық шахмат Федерациясы Республикалық физика-математика мектебімен бірлесе отырып, жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайтын және Республикалық физика-математика мектебінде оқуға 4 грант бөлетін жылдың ең маңызды оқиғасы ­­‒ «Балалар арасында шахматтан РФММ 50 жылдығы Кубогы»  өтетінін хабарлаймыз.

Балалар арасында шахматтан РФММ 50-жылдығының Кубогы екі турнирден тұрады және 2022 жылғы 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында бір уақытта өтеді. Кубоктың жүлде қоры және оқу гранттары Нұр-Сұлтан қаласындағы (1 000 000 теңге және РФММ-ге оқуға 2 грант) және Алматы қаласындағы (1 000 000 теңге және РФММ-ге оқуға 2 грант) екі турнирге де қолданылады.

Кубокқа қатысуға 2006 жылы туған және одан кіші шахматшы қыздар мен ұлдар шақырылады.

Турнирлер ФИДЕ ережелері бойынша швейцарлық жүйе арқылы,  «Swiss-manager» компьютерлік жеребе тарту әдісінің көмегімен 9 турда өткізіледі. Әр қатысушыға партияның соңына дейін 10 минут, бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 5 секундтан қосылады. Турға 10 минуттан артық кешігу немесе келмей қалу үшін жеңіліс саналады, қарсыласқа «+», кешіккенге «-» қойылады.

Турнир жарнасы ‒ 3000 теңге. Қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 22 сәуіріне дейін (қоса алғанда) келесі электрондық пошталарына қабылданады:

Алматы қ. – superchess21@mail.ru

Нұр-Сұлтан қ. – play@kazchess.kz

Жарыстың ережесімен мұқият танысуды сұраймыз:

Регламент

Кубокты ұйымдастыруға жалпы басшылықты Қазақстан шахмат Федерациясы Республикалық физика-математика мектебімен және Алматы облысының шахмат Федерациясымен бірлесіп жүзеге асырады.

Кубок демеушісі – «Fizmat Endowment Fund» Қоғамдық Қоры.

Байланыс ақпараты:

Website ‒ kazchess.kz

Алматы қ.superchess21@mail.ru

Нұр-Сұлтан қ.‒ play@kazchess.kz

Instagram ‒ kzchessfederation  и  fizmat.nursultan

Жарыс қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй мен сәттілік тілейміз!

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан Қ., 05 сәуір 2022 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz