Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Кубогы

КЕ-500-300

Еуразияның ең мықты гроссмейстерлері континент Кубогы үшін күреске осы ылдың 17-20 маусымында ат салыспақшы.
Алматы қаласында өтетін жарыс осы жылғы Қазақстанның спорттық өмірінде ең маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Еуразияның 150-ден астам спортшылары, континенттің ең үздік гроссмейстерлері мен шахматшылары қатысатын жарысты өткізудің мақсаты – елдегі шахмат ойынының дамуын қолдау. Жарыстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Шахмат Федерациясы.
Федерацияның Президенті Ғалымжан Есенов осы Кубокты өткізу ойын алға тартты: «Қазіргі уақытта біздің құрлығымызда өте күрделі саяси жағдай орнап тұр. Адамдар арасындағы алшақтаудың себертері бірталай. Өткізгелі отырған бұл іс-шара адамдарды керісінше біріктіріп, Еуразия мемлекеттерінің ойыншыларын айырмашылықтарға емес, ұлттар мен мемлекеттерді не біріктіретініне ой шоғырландырады деп сенемін. Үйіне оралғаннан кейін, спортшылар бағалы
сыйлықтар мен тәжірибеге қоса жоғарыда айтылған игілігі мол қарапайым идеяны да жадында сақтап, ұғынып кетеді деп үміттенеміз. Президент Кубогы Еуразияның спорттық өмірімен қатар қоғамдық өмірінде де айтулы оқиға болмақ.»