ҚЫЗЫЛОРДАДА АРБИТРЛЕРДІ ОҚЫТУ КОНКУРСІ АЯҚТАЛДЫ

Қызылорда қаласында өтетін ұлттық арбитрлер квалификациясын көтеру және тегін оқуға арналған конкурс өз мәресіне жетті. Қорытынды бойынша 7 жеңімпаздың аты анықталды.

Олар:
Юрков Павел Сергеевич — Нұр-Сұлтан
Дәулетов Бекзат Қарынбекұлы — Шымкент
Максименко Павел Павлович — Қарағанды
Ережепов Нұрдос Өскелеңұлы — Қызылорда
Қасымов Тимур Равилұлы — Қызылорда
Тельжанова Айгүл Семейханқызы — Көкшетау
Меңғали Олжас Қожамжарұлы  — Алматы

Семинар қосымша қатысуға мүмкіндік алғандар:
Маханбетов Үсен Сайлаубекұлы – Қызылорда
Ким Александр Сек-Сунович – Қызылорда
Кембаев Бақтияр Тынышбекұлы – Алматы

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтетін семинарларға қатысу бойынша өтініштер қабылданып жатқандығын хабарлаймыз. Қорытынды бойынша әр қалаға баратын 7 жеңімпаздың аты анықталады.

Қатысу туралы өтініштерді мерзімге сай төмендегі электронды поштаға жіберу керек office@kazchess.kz:

—  3 маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы семинарға қатысу үшін
—  1 тамызға дейін Алматы қаласындағы семинарға қатысу үшін.

Айта кетейік, курс 2 кезеңнен тұратын болады. Таңдау қорытындысы бойынша бірінші кезеңге Қазақстан шахмат федерациясының есебінен семинарларға жұмыс сапарына жіберілетін 21 адам өте алады. Тағы 24 адам қосымша деңгейде өз қаражаты есебінен семинарларға қатыса алады. Оқудың бірінші кезеңіне өту үшін төмендегі құжаттарды жіберу керек:
— Өтініш (форманы жүктеп алу);
— Қазақстан шахмат спортының дамуына кәсіби арбитрлердің қосатын үлесі» тақырыбында эссе;
— Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі.

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша (семинарларға сәтті түрде өткен жағдайда) лицензиясы жоқ қатысушылар ФИДЕ ұлттық арбитрлер лицензиясына, сонымен қатар, Swiss Manager бағдарламасының ерекше кілттеріне ие болады.

Семинарлар республиканың үш қаласында өтетін болады: Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда.

Қызылордадағы семинар 20 мамыр (келу күні) мен 24 мамыр (қайту күні) аралығында өтсе, Нұр-Сұлтандағы семинар ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Кубкінің алғашқы кезеңіне, ал Алматыдағы семинар ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Кубкінің екінші кезеңіне сай келеді.

Бірінші кезеңдегі жиырма бір қатысушының ішіндегі үздік үш арбитр екінші кезеңге (ФИДЕ Арбитрлер семинары) өтеді. Және соның қорытындысы бойынша ФИДЕ арбитрінің дәрежесін және лицензиясын ала алады.

Толығырақ:
Бағдарлама
Бағдарламаға қосымша