ШАХМАТТАН БАҚ ӨКІЛДЕРІ арасында DIGITAL-ТУРНИР ӨТТІ

Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлері арасында II Кубок» өтті. Жеті онлайн-тур кезеңінде 25 БАҚ өкілдері шахмат шеберлігінде демеушілердің жүлде қоры мен «Эйр Астана» АҚ-ның арнайы жүлдесі үшін бақ сынады. Турнирдің жеңімпазы алматылық блогер Елнұр Шалқыбаев атанды, шахмат шолушысы Марат Мүлкібаев 2-орын, ал Informburo.kz тілшісі Данияр Еникеев үздік үштікті жапты. Турнирдің ең үздік шахматшысы атағын блогер Татьяна Молчанова алды.

«Мен шахматтың үлкен жанкүйерімін, бұл турнирге қатысу мен үшін өте әсерлі және үлкен құрмет болды, – дейді Елнур, – Журналистер арасында көптеген жақсы шахматшылар бар, сондықтан мен жеңіске сенімді емес едім, дегенмен менің күш-жігерім ақталды. Ал «Эйр Астана» әуекомпаниясымен Санкт-Петербургке екі билет ұтып алу ерекше қуантты».

Турнирге шахмат блогерлері мен Хабар, Qazaqstan, QazSport телеарналары, Егемен Қазақстан, Aikyn.kz, Zakon.kz, Informburo, Tengrinews, Sputnik, Литер, Экспресс-К, ProSport баспалары сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты. Сондай-ақ,  Hola News, «Экологиялық курьер» газеті, BNews, «Талдықорған» газеті, Қызылорда жаңалықтары, «Қаратал», Қазақ спорты басылымдарының тілшілері қатысты.

«Бұл біз ұйымдастырып отырған журналистер арасындағы екінші турнир, сондықтан бұл жақсы дәстүрге айналып келеді деуге болады», – дейді Ирина Грищенко, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры, – Турнир Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана өткеніне қарамастан, басқа қалалардың журналистері Кубокқа қатысу үшін арнайы келді.

 

 

Турнир телекөпір арқылы бір уақытта Қазақстанның екі қаласы: Нұр-Сұлтанда Динара Сәдуақасованың шахмат академиясында және Алматыда Жансая Абдумәліктің шахмат академиясында өтті. Қатысушылар chess.com интернет-сайтында сайысқа түсті.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен «Алматы Марафон» негізін қалаушысы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Турнирдің құрметті демеушісі – «Эйр Астана» АҚ.