БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЛОГЕРГЕРЛЕРДІҢ II КУБОГЫ

29 қараша күні «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлері арасындағы II кубогы» шахмат турнирі өтеді. Байқау швейцариялық жүйеге сәйкес 7 турда және онлайн режимінде www.chess.com ойын порталында бір уақытта Қазақстанның екі қаласында – Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтеді.

Турнир 2019 жылы 29 қарашада 9.00-де келесі мекемелерде басталады:

– Нұр-Сұлтан: Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы (Сауран к-сі, 9).

– Алматы: Жансая Абдумәлік Шахмат академиясы (Достық даңғылы, 124, «Оқушылар сарайы» (Сәтпаев көшесінің қиылысы);

Турнирге Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері (журналистер, сондай-ақ шығармашылық жұмыстарға тікелей араласатын баспасөз қызметкерлері – редакторлар, корреспонденттер, хабар таратушылар, редакция қызметкерлері, сценаристер, фотожурналистер, операторлар, видеоинженерлер, дыбыс режиссерлері және басқалар), сондай-ақ (ТУРНИРДІҢ РЕГЛАМЕНТІНДЕ көрсетілген өлшемдерге сәйкес келетін) блоггерлер жіберіледі.

Турнирге қатысу үшін 2019 жылдың 26 қарашасы сағат 18.00-ге дейін office@kazchess.kz электронды поштасына ӨТІНІМ жіберу керек:

– Толтырылған өтініш;

– төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;

– жұмыс орнынан анықтама көшірмесі.

Турнирден бір сағат бұрын қатысушылар тіркеу ЖАЗБАЛАРЫНА сәйкес өз аккаунттарын www.chess.com веб-ресурсында тіркейді.

МАҢЫЗДЫ !!!

Байқау онлайн режимінде өтетіндіктен, қатысушыларда Google Chrome браузері орнатылған ноутбук болуы керек.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз:

Нұр Сұлтан қаласында – Камиля Абдрахманова +7 (707) 781 71 79

Алматы қаласында – Игорь Бушмелев +7 (707) 323 55 80

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО, әлеуметтік серіктесі –  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. 

КФШ ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді.

Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.