ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫ БРИТАНИЯ ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ШАХМАТТАН ОНЛАЙН МАТЧ

Қазақстандық шахмат федерациясы 2021 жылдың 31 қазанында Қазақстан мен Ұлыбритания жастар құрамалары арасында шахматтан онлайн матч өтетіні туралы хабарлайды. Турнир Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына арналған, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин бастаған қазақстандық делегацияның Шотландияның Глазго қаласында КС-26 климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясында қатысуы қарсаңында өтеді.

Матчқа қатысушылар: әр елден 12, 14 және 16 жасқа дейінгі 12 шахматшы қатысады: 2 ұл және 2 қыз. Елімізді 2021 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының өз жас санаттары бойынша чемпиондары мен жүлдегерлері қорғайды: Сатбек Ахмединов, Тимур Балмағамбетов, Ксения Балабаева, Амина Каирбекова, Даниял Сапенов, Бексултан Молдағали, Аяулым Қалдарова, Айша Закирова, Сауат Нурғалиев, Назар Талғатов, Елназ Калиахмет, Нұрсулу Оразалина. 

Қазақстан құрамасының құрамын Қазақстан шахмат федерациясы жасақтады. Матчтың төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Кәусар Бауыржан.

Матчтың тікелей трансляциясы 1,33 млн көрермендері бар «Balapan tv» қазақстандық балалар телеарнасының YouTube арнасында көрсетіледі. Сілтеме: https://youtube.com/user/balapantv . Сондай-ақ Twitch платформасында https://www.twitch.tv/ecf_commentary ағылшын шахматшысы, халықаралық әйел шебері Наташа Реганның қатысуымен өтеді.

Кездесу шахматтың ойының танымал болуына және екі елдің жас шахматшылары арасындағы спорттық және мәдени байланыстардың нығаюына ықпал етеді. Матч Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігі мен Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен өтеді. Матчқа қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болады.

Қазақстан мен Ұлыбритания жастар құрамалары арасындағы онлайн жолдастық шахмат матчы 2021 жылдың 31 қазанында Chess.com платформасында өтеді. Уақытты басқару: 15 минут + 10 секунд.

Ашылу салтанаты – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:45.

1 тур – Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00.

2 тур – Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00.

Қатысушыларға зор денсаулық, әдемі және қызықты ойын тілейміз!

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан, 25 қазан 2021 ж. КФШ сайты: kazchess.kz