АНУАР ИСМАҒАМБЕТОВ ҚШФ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

“Қазақстандық шахмат федерациясы” РҚБ Президентінің 2021 жылғы 19 наурыздағы бұйрығымен, Ануар Мұхтарұлы Исмағамбетов Қазақстандық шахмат федерациясының Атқарушы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ануар Исмағамбетов – Нұр-сұлтан қаласының тумасы, үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр. 22 жасында Халықаралық гроссмейстер атанды, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасының шахмат бойынша ерлер құрамасының мүшесі және Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы болды.

Байланыс деректері

атқарушы директорының м. а.

Исмағамбетова А. М.

е-mail: anuar.is@kazchess.kz

Тел: +77015340199

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан Қ., 25 Наурыз 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz