ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ФИЛИАЛЫ

2 ақпан күні Алматыда Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа филиал Ақсай-4, 119 үй мекен-жайы бойынша “Опера” тұрғын үй кешенінде өз жұмысын бастады.

Алғашқы филиал өз жұмысын 2014 жылы бастаған болатын. Академияның қызметі  өскелең ұрпақты шахмат саласында жоғары кәсіби, сапалы біліммен қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда шахмат спортын дамытуға бағытталған. 

Бүгінгі таңда оңтүстік астанада Жансая Әбдімәлік академиясының 3 филиалы жұмыс істейді:

– Розыбакиев к-сі, 289 («Айгерим» ТК)
– Достық даңғылы, 124 (Оқушылар сарайы)
–  Ақсай-4 ш.а., 119 («Опера» ТК)

Салтанатты ашылу рәсімінде Жансая бірінші Алматы ауданында да филиал ашу жоспарда бар екенін мойындады.