Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады

Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты Алматыда өтеді

Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті болып Тимур Турлов сайланды

Шахмат ардагерлеріне арналған гранттар

Алматыда шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды. Ал Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.
Алматыда шахматтан рапид және блицтен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бір апта бойы Алатау бөктерін дүбірге бөлеген шахмат додасын Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) мен Қазақстан шахмат федерациясы ұймдастырды. Әлем чемпионатына 46 мемлекеттен 178 ер мен 98 әйел қатысты. Дүниежүзінің ең таңдаулы гроссмейстерлері жиналған әлемдік доданың барлық чемпиондары анықталды. Еліміздің үміті Бибісара Асаубаева орасан зор нәтиже көрсетіп, блицтен әлем чемпионы атанды. Ол былтыр Польша елінде де блицтен әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Бибісара шахматтан екі дүркін әлем чемпионы! Жылдам шахматтан яғни рапидтен Динара Сәдуақасова күміс медаль олжалады. Рапид бойынша норвегиялық Магнус Карлсен 13 турда 10 ұпай жинап әлем чемпионы атағын қорғай білді. Күміс медаль 18 жастағы неміс шахматшысы Винсент Кеймердің қанжығасында кетті. Қола медальді американдық Фабиано Каруана олжалады. Рапидтен қыздар арасында қытайлық Тань Чжунъи иеленді. Күміс біздің шахматшымыз Динара Сәдуақасоваға, қола медаль үндістандық Шри Савитаға бұйырды.

Блицтен Накамура көш бастап тұр
24 желтоқсанда шахматтан әлем чемпионатының блицтен додасы басталды. Көрермендер үшін де қызықты, тартысқа толы блиц додасының ертең финалдық ойындар өтеді. Блицтің бәсі жоғары болатыны – әрбір ойыншыға партияда 3 минут беріледі және әр қадамы үшін 2 секунд қосылады.

Магнус Карлсен жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды
Әзірге әлемде норвегиялық талант, әлемдік гросмейстер Мангнус Карлсенді тоқтататын шахматшы болмай тұр.

Динара – әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында жылдам шахматтан (рапид) жерлесіміз Динара Сәдуақасова күміс жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатының екінші жарыс күні: шахматшы қыздарымыз үздіктер тобында
Қазақ елінде, Алатау баурайындағы әсем қала Алматыны дүбірге бөлеп жатқан шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қазір қызған шағы.

Астаналық жас чемпион Латвия шахматшысы, Латвияның бұрынғы Экономика министрі, Қаржы министрімен ойында жеңіске жетті
Бүгін, 2022 жылғы 27 желтоқсанда Алматыда 25-30 желтоқсан аралығында өтіп жатқан блиц және рапид бойынша әлем чемпионаты аясында Латвия шахматшысы, әйелдер гроссмейстері және саясаткер, Латвияның бұрынғы Экономика министрі және Қаржы министрі, қазіргі FIDE атқарушы директоры Дана Рейзнице-Озола Алматы және Астана шахмат академияларының 24 оқушысымен бір мезгілде ойын сессиясын және Алматыдағы ағымдағы әлем чемпионатының әйел қатысушылары үшін шеберлік сыныбын өткізді.