ҚАЗБЕК НОГЕРБЕК КАДЕТТЕР АРАСЫНДА РАПИДТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Грекияның Родос аралында шахматтың рапид және блиц түрлерінен 2022 жылғы әлем чемпионатының 9-шы кезеңі аяқталды. Жарыста қазақстандық шахматшы, FM Қазбек Ногербек 18 жасқа дейінгі категорияда кадеттер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапеновке жоғары жүлдені жеңіп алудың аздап жолы аз болса да, бұл жарыста 14 жасқа дейінгі жастар арасында ол қола медальға қол жеткізді.
 
Ертең шахматтың блиц түрінен әлем чемпионаты басталады. Біз шахматшыларымызға жанкүйер болып, сәттілік тілейміз!
Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан Қ., 02 мамыр 2022 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz