2020 ЖЫЛҒЫ ТУРНИРЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Құрметті шахматшылар!
Федерацияның 2020 жылғы ресми шахмат турнирлерін өткізуге ие болу байқауы аяқталды.

Биыл бізге 39 өтініш түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар, биыл Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы комитеті келіп түскен барлық өтініштерді қарап, өтінімдер санының артуына байланысты Қазақстан балалар кубогының кезеңдерін 7 кезеңге дейін көбейту туралы шешім қабылдады.

Турнир кезеңдерінің санының ұлғаюы балалар арасында шахмат спортын кеңінен насихаттауға оң әсерін тигізеді, өйткені турнирлерге көптеген жас спортшылар қатыса алады.

Өткізу орны мен уақытын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылға арналған іс-шаралардың бекітілген тізімін, сондай-ақ турнирлердің ұйымдастырушыларын мына сілтемеден жүктеуге болады.

Келесі жыл еліміздің шахмат спортының жанкүйерлері үшін одан да жарқын әрі табысты болатынына сенімдіміз!

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

КФШ ақпараттық серіктестері: