БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дәстүр бойынша жыл сайын 20 шілдеде атап өтетін халықаралық шахмат күнінің қарсаңында, Қазақстандық шахмат федерациясы бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша шахмат турнирлері туралы ақпарат ұсынады. Мемлекеттік құрылымдардың қолдауы және серіктестердің демеушілігі арқасында әртүрлі форматтарда, соның ішінде оффлайн, онлайн және гибридті шахматтар бойынша бірқатар шахмат турнирлері өтті.

Осылайша, 2020 жылғы 11-20 желтоқсанда Алматы қ. қонақүйде елдің ең маңызды турнирі – ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтар бойынша Қазақстан Республикасы Кубоктарының (Чемпионаттарының) ақтық кезеңі өтті. Турнирге 2019-2020 жж. Қазақстан чемпионаттарының құрама мүшелері, жеңімпаздары және жүлдегерлері және Шахматтар федерациясының номинанттары қатысты.

Осы жарыстың серіктестері ретінде «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, Air Astana әуе компаниясы және «Астана» Халықаралық қаржылық орталығы қатысты.

2021 жылғы 21 – 29 мамырда Tornelo ойын платформасында жүлде қоры 16 000 АҚШ долларын құраған гибридті шахматтар бойынша Азиялық ашық құрлықтық чемпионаты аяқталды.

Гибридті шахматтар – турнирдің ойыншылары онлайн ойын кезінде арбитрмен бақыланатын жарыс. Тоғыз күн ішінде Азия құрлығының 82 шахматшысы, соның ішінде Қазақстанның 6 шахматшысы 2021 жылғы Әлем кубогына қатысу құқығы үшін күресті.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 4-10 маусымда «А.Г. Уфимцев мемориалы» классикалық шахматтар бойынша республикалық шахматтық опен турнирі өтті.

Федерациямыз, әйгілі шахматшы және еліміздің біртуар азаматы Анатолий Уфимцевті еске алуға арналған жарысты дәстүрлі түрде 2015 жылдан бастап өткізіп келеді. А. Уфимцев 1.е2-е4 жүрісіне жауап ретінде d7-d6 және g7-g6 дебют авторы болып кеңінен танылған. Ол, шахмат ойнайтын қазақстандық жастарды тәрбиелеуге, Қазақстанда шахмат ойынын әйгілеуге үлкен үлесін қосты, шахматтың әлемдік теориясында өшпес із қалдырды.

Осы жарыстардың серіктестері – «Air Astana» әуе компаниясы, «Аллюр компаниялар тобы» АҚ, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС, «Астана» Халықаралық қаржылық орталығы.

2021 жылғы 27 маусымда Федерация Қазақстанның БАҚ қызметкерлері күнін атап өтуге арналған «Шахматтан Қазақстанның БАҚ арасындағы ІІІ Кубогы» онлайн шахмат турнирін сәтті түрде өткізді.

Пандемия кезінде әуе компаниялары айтарлықтай шығындарға ұшыраған, ең көп зардап шеккен салалардың бірі болды. «Air Astana» әуе компаниясы еңсесін түсірмей, Федерацияға демеушілік көрсете отырып, тұрақты дамуын жалғастырғаны үшін өте қуаныштымыз.

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан қ., 19 маусым 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz