PAVLODAR OPEN 2016

1

Орталық Азияның ең белгілі ашық турнирлерінің бірі – Pavlodar Open – қарашаның 20-нан 30-на дейін Павлодарда он бірінші рет өтпекші. Бұл жылы турнир сонымен қатар классикалық шахматтан әйелдер мен ерлер арасындағы Қазақстан Кубогының 3-сатысы болып табылады. Турнирдің нәтижесінде еліміздің ең үздік шахматшылары желтоқсан айында Астана қаласында өтетін ҚР Кубогы финалына жолдама алады. Жолдамаға шетелдік спортшылар да ілігуі мүмкін.

XI турнирге 8 елден келген, арасында 13 халықаралық гроссмейстер бар 100-ге жуық спортшы қатысады. Pavlodar Open шеңберінде сонымен бірге әлем чемпионы Михаил Талл негізін қалаған павлодарлық Шахмат үйінің 30-жылдық мерейтойы да аталып өтіледі.

Турнир бағдарламасы:

  • Швейцариялық жүйе тәртібімен өткізілетін классикалық шахматтан ашық турнир (халықаралық рейтинг есебін қосқанда),
  • блиц-турнир (халықаралық рейтинг есебін қосқанда),
  • халықаралық гроссмейстер, Ресей чемпионы Алексей Безгодовтың мастер-классы,
  • халықаралық гроссмейстер Сергея Вокаревтің 20 әуесқой-шахматшыларымен өтетін шахмат ойынының бір уақыттағы сеансы.

pavlodar-open

Жарыстар Шахмат үйінде (Естай к., 83) орын алады. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі бүгін – қарашаның 21-інде – сағат 15:00 өтеді. Ашылу рәсімінен кейін сағат 15.30 сол мекенжайда турнир мен Шахмат үйінің 30-жылдығына орай пресс-конференция да өтеді.

Pavlodar Open 2016 ұйымдастырушылар – Қазақстан шахмат федерациясы, Федерация шахмат Павлодар облысының Шахмат федерациясы, Управление физической культуры и спорта Павлодар  облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Турнирдің Бас демеушісі – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім бері қоры.

Жылдан жылға аталмыш жарысқа қатысатын шахматшылардың саны өсіп келуде. Олардың қатарында спорт шеберлері мен халықаралық гроссмейстерлер бар. Pavlodar Open-ге қатысу арқылы басқа қатысушылардың нәтижелерін сай халықаралық атаққа ие болу мүмкіндігі бар. Дәстүрлі жарыстың қатысушылары арасында Ресей, Түркия, Өзбекістан, Сербия, Украина, Армения, Қарғызсатн, Бельгия, Беларусь, Монғолия, Грузия және де Әзірбайжан азаматтары бар.
Қосымша ақпарат үшін байланыс құралдыры:

Евгений Егоров: 8 705 112 23 35, egorpavl@mail.ru