PAVLODAR OPEN 2018 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ

2018 жылдың 23 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Қазақстан шахмат федерациясы Pavlodar Open турнирін өткізеді. Бұл — жыл сайын жақын және алыс шетелден осы зияткерлік ойынның кәсіпқойлары мен әуесқойларын жинайтын әлемдік деңгейдегі ауқымды жоба. Қатысушылар бұл жолы 3 млн теңгені құрайтын сыйлық қоры үшін бақ сынасады.

Биыл бұл іс-шараға Ресей, Белорусь, Испания, Бельгия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина және Қазақстаннан жиналған 100-ден аса спортшы қатысады. Олардың арасында 12 гроссмейстер, 7 халықаралық шебер, 7 ФИДЕ шебері және 2 спорт шеберіне үміткер бар. Халықаралық деңгейдегі атақты шахматшылардың келуі турнир қатысушыларына жаңа халықаралық нормативтерді орындап, жаңа спорттық атақтар алуға мүмкіндік береді.

«Павлодар қаласында түрлі елдерден жиналған шахмат спортының жанкүйерлерінің басын қосу жақсы дәстүрге айналды, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Бұл осы қалада өткізілетін 13-ші ауқымды жарыс болмақ. Павлодар қаласының отандық шахмат спорты орталықтарының бірі ретінде орныққаны біз үшін қуанарлық жағдай.»

Сайыстар 10 турдан тұратын швейцарлық жүйе бойынша өткізіледі. Уақыт бақылауы: партия соңына дейін 90 минут, бірінші жүрістен бастап әр жүріске 30 секунд қосылады. Жарыс ФИДЕ ережелері бойынша өткізіледі.

«Қазақстандағы Оpen-турнирлер тек қана отандық шахматшылар үшін ғана емес, сондай ақ республика қонақтары үшін белгілі оқиғаларға айналды, – деп, ҚР-ның төрт дүркін чемпионы, гроссмейстер Петр Костенко сенімді түрде хабарлады, – Спортшының сандықшасында осы сияқты жарыстардың әр қайсысы, әрине, сөзсіз жеке өсу. Шет елдің ең мықты өкілдерімен ойнау – дәл сол аталмыш «жайлы зонадан» шығудың пайдалы жолы. Ал егер, кімде кім көптен күткен жүлдесін немесе жаңа атақты алмаған жағдайда, осында алған тәжірибесі бағасыз болып есептеледі».

Pavlodar Open бағдарламасы сондай ақ балалар, ата-аналар және жаттықтырушылар үшін іс-шараларды жобалайды. Шахматтық фестиваль аясында блиц-турнирлер, бір мезгілде ойнау сеанстары және әйгілі шеберлерден мастер-класстар өтеді. «Шахмат орталықтары» қабырғаларында шахматтық жабдықтарды, тематикалық әдебиеттер мен атрибуттарды сатып алуға болатын шахматтық дүкен жұмыс істейтін болады.

Әдеттегідей, Pavlodar Open 2016 жылдан бастап әйелдер мен ерлер арасында ҚР Кубогы үшін ұтыс ойынының III кезеңі болып табылады.

Турлар кестесі:

22 қарашақатысушылардың келуі және тіркелуі
23 қараша, 12:00 дейінқатысушыларды тіркеу
23
қараша, 15:00 – ашылу рәсімі, 1 тур
24
қараша, 10:00 – 2 тур
24
қараша, 17:00 – 3 тур
25
қараша, 16:00 – 4 тур
26
қараша, 16:00 – 5 тур
27
қараша, 16:00 – 6 тур
28
қараша, 16:00 – 7 тур
29
қараша, 16:00 – 8 тур
30
қараша, 16:00 – 9 тур
1 желтоқсан, 10:00 – 10 тур
1 желтоқсан, 17:00 –
жабылу рәсімі, жеңімпаздарды марапаттау
2 желтоқсан –
қатысушылардың қайтуы

Жарыс жеңімпаздары барлық партияларда жинаған ұпайлар санының басымдылығымен анықталады. Ұпайлар саны екі немесе одан көп қатысушыларда тең болған жағдайда, жеңімпаздар келесі қосымша көрсеткіштерге сәйкес анықталады:

а) Бухгольц коэффициенті
б) жеке кездесу
в) жеңістер саны

Pavlodar Open – ерлер мен әйелдер арасында өтетін  Қазақстан Республикасының Кубогы. Оның нәтижелері бойынша жиналған ұпайлар есепке кірітіледі. Павлодар облысы шахматшылары арасында ең жоғары көрсеткіштерді көрсеткен қатысушы, классикалық шахмат бойынша Павлодар облысының 2018 жылғы Чемпионы болып жарияланады.

ҚШФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктесі —«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-нің бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

ТУРНИР ЕРЕЖЕСІН ЖҮКТЕУ