PAVLODAR OPEN 2019 БАСТАЛДЫ

Бүгін Павлодарда шахматтан Қазақстан Кубогының 3-ші кезеңі – Pavlodar Open 2019 басталды.

Турнирдің тоғыз күнінде қазақстандық шахматшылар мен шет елден келген спортшылар жүлде қоры үшін 3 млн. теңге үшін бақ сынасатын болады.

Турнирге Армения, Беларуссия, Бельгия, Испания, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинадан барлығы 140 шахматшы қатысады.

Оның ішінде 15 гроссмейстер мен 27 халықаралық дәрежедегі шеберлер мен ФИДЕ шеберлері бар.