PAVLODAR OPEN 2019: ДЕНИС МАХНЕВ ЖЕҢІСКЕ БІР ҚАДАМ ЖЕТПЕДІ

Денис Махнев Pavlodar Open 2019-да 4-орынға ие болды. Ол тек голландиялық қонақ Сергей Тивяковтан, ресейлік Дмитрий Хегайдан және Дмитрий Оболенскийден тек қосымша көрсеткіштер бойынша ұтылды. Жалпы, Армения, Беларусь, Бельгия, Испания, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинадан келген 140 шахматшы турнирде жүлде қоры 3 млн теңге үшін сайысқа түсті.  Павлодарлық жас шахматшы Денис отандастардың алды болып, үздік нәтиже көрсетті.

«Иә, аз ғана сәттілік жетіспеді, бірақ мен нәтижені жақсарту үшін көп еңбектенемін, – дейді Денис, –  Бұл жолы мен 118 қазақстандықтың ішінде ең жақсы нәтиже көрсете алдым, олардың қатарында өткен жылғы турнирдің жеңімпазы да бар».

Әйелдер арасында қызылордалық Әсел Серікбай 1 орын алды. Жастар арасындағы ең мықтысы ресейлік Алексей Грачев, ал ардагерлер арасында ең мықтысы павлодарлық Михаил Кашкаров атанды.

«Мұндай масштабты турнирлер көбінесе сенсацияларға толы және жарқ еткізіп жаңа жұлдыздар шығарады», – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Павлодар турнирі де қапыда қалмады. Алғашқы турда атыраулық жас шахматшы Зарина Нұрғалиева халықаралық шебер Оразаев Арыстанбекті жеңді.

Pavlodar open 2019 Швейцария жүйесі бойынша 2019 жылдың 20-30 қараша аралығында 10 турда өтті. Дәстүр бойынша бұл турнир шахматтан Қазақстан кубогының 3-кезеңі болып табылады.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді.
Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.
ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО.
Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

ҚШФ-ның ақпараттық серіктестері: