Павлодарда ҚР Чемпионатының жартылай финалдары өтеді

Pavlodar1

5-14 ақпан аралығында Павлодарда ерлер мен әйелдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының жартылай финалдары өтеді. Жарыстар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен және Қазақстандық шахмат федерациясы және Павлодар облыстық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Турнир еліміздің ең мықты шахматшыларын жинайтын болады. Бұл халықаралық атақтар нормаларымен белгіленген гроссмейстрлік турнир – ҚР Чемпионатының финалы алдындағы іріктеу жарыс болып табылады. ҚР Чемпионатының жартылай финалы Павлодар Шахмат үйінде швейцар жүйесі бойынша 9 турдан халықаралық рейтингті есепке ала отырып өтеді.  Жарыстың алғашқы тізіміне енген 85 ойыншы Қазақстанның барлық дерлік аймақтарынан, Астана және Алматы қалаларынан да келіп отыр.

Қатысушылардың алдын ала бекітілген тізімін осы жерден көшіріп алуға болады.