«АСТАНА БІРІНШІЛІГІНІҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі (бұдан әрі – ҚШФ) «Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы классикалық шахматтан Астана біріншілігін» «Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы классикалық шахматтан Нұр-Сұлтан қаласы чемпионатының» финалына (бұдан әрі – Финал) теңестіреді. Осылайша, бұл турнирлердің әрқайсысының жеңімпаздары «Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына» жолдама алады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының шахмат федерациясы қатысушы жас шахматшылардың разрядының болуын талап ететін финал регламентін жариялады. Алайда, аталған разрядты растағаны үшін елорда шахмат федерациясы 8000 теңге көлемінде ақшалай жарна салды.

ҚШФ балалар арасында атақтарды растау үшін ақшалай алымдарды қолдамайды, өйткені бұны көптеген жас спортшылардың ата-аналарының қаржылық жағдайы көтермеуі мүмкін. Қазақстан шахмат федерациясының басты міндеттерінің бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуді басты назарға ала отырып, еліміздегі шахмат спортын танымал ету болып табылады.

Осылайша 8-18 жас аралығындағы «Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына» жолдама алу үшін «Жасөспірімдер мен қыздар арасында классикалық шахмат бойынша Нұр-Сұлтан чемпионаты» финалының 135 қатысушысы және «Жасөспірімдер мен қыздар арасында классикалық шахматтан Астана біріншілігінің» 149 қатысушысы бақ сынасады.

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.