7 ақпан күні Астанада ерлер арасындағы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының Жартылайфиналының ашылу салтанаты өтеді.
Сайыс “Маэстро” Шахмат мектебінде өткізіледі (Сығанақ к-сі, 14/1, ТК “Еуропа Палас 2” ). Жарыс 14 ақпанда аяқталмақ. Жарысқа қатысушылардың өтінімі chess_school@mail.ru электрондық поштасына 25-қаңтарға дейін қабылданады.
– Өтінімдерді көрсетілген мерзімнен кеш жіберген жағдайда сайысқа қатысуға кепілдік берілмейді, – деп жарыстың бас төрешісі Антон Скурыгин мәлімдеді. – Тіркелген қатысушылардың тізімі күнделікті www.maestrochess.kz сайтында жарияланып отырады. Жартылайфиналда жүлдеді орын иеленген катысушылар Қазақстан Республикасы чемпионатының финалына жолдама алады, –деп толықтырды.
Қосымша ақпарат үшін мына телефон номерлеріне хабарласуларыңызға болады: +7 707 4977568 (Капаев Дастан Исатаевич, Мемлекеттік жаттықтырушы), +7 777 3382387 (Скурыгин Антон Григорьевич, Бас төреші)