ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ЧЕМПИОНАТЫ 2021

Шахматтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты ел тарихында алғаш рет қашықтықтан онлайн форматта өтеді.

Қазақстандық шахмат федерациясы 2021 жылғы 24-26 наурыз аралығында 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтетінін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам жас шахматшылар қатысатын жылдың ең басты оқиғасы болып табылады. Жарыс Lichess.org ойын алаңында өтеді, ал қатысушылардың бақылау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асады. Бақылау уақыты 15 минут + 10 секунд (әр жүріс үшін, бірінші жүрістен бастап) уақыты беріледі. “Алаяқтықпен” күресу үшін (турнирге қатысушылардың компьютерлік бағдарламаларды немесе үшінші тарап кеңестерін қолдануы) турнирге Античитерлік комиссиясы қатысады және Fair Play Panel античитерлік бағдарламасы қолданылады.

Онлайн Чемпионат партияларының тікелей көрсетілімі Қазақстан шахмат Федерациясының Youtube арнасында қолжетімді болады, жарыстың комментаторы – танымал халықаралық гроссмейстер Муртас Кажгалеев. Трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/Siy7V4XHobU

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз-спортшылардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйлық белгіленген. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрайды.

“Қазақстан чемпионаты еліміздегі ең маңызды шахмат оқиғасы болып табылады. Алдағы Чемпионаттың барлық қатысушылары өз аймақтарында мұқият іріктеуден өтті. Әр санаттағы алтын медаль иегерлері онлайн Әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады”, – деп хабарлайды Қазақстан шахмат Федерациясының Президенті Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов.

ҚР чемпионаты туралы толығырақ мына сілтеме бойынша қараңыз: https://kazchess.kz/zayavki/

Регламент: Жүктеу

Жарысты ұйымдастырушылар – Қазақстан шахмат Федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті.

 

Бас серіктес – “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ

Серіктес – ” Eurasian Resources Group (ERG)

Серіктес – “Полиметалл” компаниясы

Серіктес – “Bank RBK” АҚ  

Серіктес – “Air Astana” әуе компаниясы

 

Серіктес – “Астана” халықаралық қаржы орталығы»

 

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан қ., 23 наурыз 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz