Бүгін корпорациялар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының I онлайн кубогына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі. Жарыс Қазақстан Республикасында шахматты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі. Турнирдің жүлде қоры – 1 500 000 тг.
Өтетін орны-Lichess.Org онлайн платформаcы.
Онлайн турнирдің тікелей бейнетрансляциясы Федерациясының “Kazakhstan Chess Federation” YouTube парақшасында жүргізіледі. Трансляцияның комментаторы-халықаралық гроссмейстер Муртас Қажғалеев.