АЛҒАШҚЫ ҚУАНЫШ ЖӘНЕ БІРІНШІ ЖЕҢІЛІС

Әлемнің 14 елінен 10 ерлер және 10 әйелдер командалары чемпион атағы үшін тартысқа түсуде.
Бір күн бұрын жеребе тарту рәсімі өтіп, нәтижесінде Қазақстанның алғашқы қарсыластары анықталды. Қазақстанның әйелдер құрамасы Ресеймен, ал ерлер командасы Англиямен ойнады.
Міне, 2019 жылдың 5-ші наурыз күні Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Катерина Лагно (Ресей) мен Жансая Әбдумәліктің (Қазақстан) тақтасында, осы көктемнің ең маңызды шахмат оқиғасының басталуының символы болып саналатын, алғашқы жүрісті жасады.

Әбдумәлік-Лагно ойын партиясы әйелдер секциясы бойынша бірінші раундтың негізгі оқиғасы деп жарияланды.  Аталмыш партия бәрінің үмітін ақтап, қызу тартыста өтті. 19 жастағы қазақстандық шахматшы алғашында ойынды теңестіріп, артынша 2018 жылғы вице-чемпион Катерина Лагноның алдын орап, қаралармен бастаманы өз қолына алған болатын. Жансаяның жеңері айқын еді, алайда шахматшымыздың күрделі позицияда уақыты жетпей, сағатты тоқтатуға мәжбүр болды. Осы кезде Александр Горячкина салмақты басымдылықпен Гүлісхан Нахбаеваны жеңді. Есеп 0:2 болып, ресейлік команданың пайдасына шешілді.

Екінші тақтада Динара Сәдуақасова әлемнің экс-чемпионы Александра  Костенюкпен болған кездесуін тең ойынмен аяқтады.  Ал команданың дебютанты Бибісара Асаубаеваның позициясы үлкен  қауіп тудырды. Мамандардың көпшілігі сөзсіз жеңісті ресейлік гроссмейстерге беріп отырғанда, Бибісара күтпеген жерден ферзьдің құрбанын тауып, тақтада берік бекініс құрды. Ойын тең аяқталды!

Сонымен, бірінші турда біздің қыздар 1:3 есебімен әлем чемпионы, Ресей құрамасына жол берді. Бүгін екінші турда әйелдер құрамасы Үндістан командасымен ойнайтын болады:

Жансая Әбдумәлік — Караваде Еша
Динара Сәдуақасова — Сумья Сваминатхан
Бибісара Асаубаева  — Падмини Роут
Гульмира Дәулетова — Кулкарни Бхакти

Ерлер секциясында, Қазақстан мен Англия арасындағы ойын нағаз драмаға айналды. Ағылшын құрамасының жаттықтырушысы Джонатан Спилмэн атап өткендей, команда мықты құраммен келді. Ойын қазақстандық шахматшылар үшін қиынға соқты. Денис Махнев бірден «нашар»  позицияға орнығып, Дэвид Хауэлл өз командасын жеңіске бір қадам жақындатты.  Қиын позицияны ұзақ уақытқа дейін біздің құраманың көшбасшысы Ринат Джумабаевке де ұстауға тура келді. Алайда, Ринат   цейтнотта шыдамдылық танытып, қаһарлы қарсыласын жеңе алды.  90-жылдардың басы мен 2000-жылдардың ең мықты шахматшыларының бірі Майкл Адамсты жеңген Ринаттың жеңісі қазақстандық құрамаға есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Өкінішке орай, Люк Мак Шейнге қарсы ойында Анур Исмағамбетов  басымдылыққа қол жеткізе алмады. Нәтижесінде ойын тең аяқталды. Петр Костенко Гавейн Джонсқа қарсы тартыста ойынды қиындатпақ болып, фигурасын құрбан етті, алайда ағылшындық гроссмейстер тамаша қорғаныс жасап, жеңіске жетті.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бірінші турда 1,5:2,5 минималды есебімен жеңісті Біріккен корольдіктің құрамасына берді.

Жарыстың тағы бір фавориті – Қытай – 3,5-0,5 есебімен Венгрияны ойсырата жеңді. Құрама штаттар мен тәжірибелі украиндық команда арасындағы тең ойын нағыз сенсация болды. Егер де, жас Рошель Ву (АҚШ) Наталья Буксамен (Украина) болған ойында жеңіске бір қадам қалған ойында өз позияциясын ұстанып, тең ойынға келіспегенде АҚШ командасы жеңіске жетер еді.

Екінші тур, бүгін «Астана» ХҚО ғимаратында, сағат 15:00 –де   Мәңгілік ел даңғ.,53,  С-3.3. павильоны мекенжайы бойынша өтеді. Қазақстан командасына қарсы Швеция құрамасы ойнайтын болады.

Ойыншылар:
Нильс Гранделиус — Ринат Джумабаев,
Ханс Тикканен — Ануар Исмағамбетов (ақтар),
Эрик Блумквист — Муртас Қажгалеев,
Аксель Смит — Денис Махнев (ақтар).

Бірінші тур нәтижелері: http://wteams.astana2019.fide.com/news/round-1-results/

Чемпионаттың тікелей көрсетілімін  Командалық әлем чемпионатының ресми сайтынан қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде тамашалауға болады:  http://wteams.astana2019.fide.com

Барлық жаңа жаңалықтар келесі сайтта: http://wteams.astana2019.fide.com/category/news/

.

 

 

Әлем чемпионатының бас демеушісі: «Eurasian Resources Group» компаниялар тобы

 

 

 

       Әлем чемпионатының бас демеушісі  – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ

 

 

 

Чемпионат серіктесі — «Астана» Халықаралық қаржы орталығы

 

 

________________________________________
Суретті Дэвид Ллада қаматамасыз етті