РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының келуімен барша мұсылман қауымын құттықтаймыз!

Осы айда әр мұсылман өзінің туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, рухани дамуына ерекше зор мән береді.

Рамазан айында жер бетіндегі жаман індеттен тазарып, еліміз бейбіт қалпына келіп, өркедеп, гүлденсін. Әр шаңыраққа бақ-береке мен денсаулық тілейміз! Дұға тілектеріңіз, оразаңыз қабыл болсын!

 Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 24 сәуір 2020 ж.