ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ ЧЕМПИОНАТЫ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

1 мамырда Алматыда әйелдер арасында рапид және блиц шахматтан Қазақстан чемпионаты басталады, онда 2000 және одан жоғары ЭЛО рейтингісі бар қатысушылар 350 000 теңге жүлде қоры үішн күш сынасады. Конкурс швейцариялық жүйе бойынша 9 раундта өтеді.

1-2 мамыр аралығында жедел шахмат ойындары өтеді, ал 3 мамыр күні блиц-турнир өтеді. Әрбір шахмат түріндегі алғашқы үш орын иегерлегі медальдар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар алады.

Қатысу туралы өтініштер 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін электрондық мекен-жайға жіберілуі тиіс: office@kazchess.kz

Қатысушылардың саны 40 адаммен шектелген, 2019 жылғы 1 сәуірдегі ең жоғары рейтингке ие спортшылар артықшылыққа ие.

Чемпионат туралы толығырақ
Турнир регламентін жүктеп алу

Қазақстандық шахмат федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.