ӘСЕЛ СЕРІКБАЙ ЖӘНЕ НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИ – РАПИД ПЕН БЛИЦ БОЙЫНША ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫ

Алматыда рапид пен блиц бойынша әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты өз мәресіне жетті. Рапид бойынша алтында Серикбай Әсел иеленсе, блиц-турнирдің үздігі Нұрғали Назерке болды. Екі шахматшы қыз да – қызылордалық шахмат мектебінің түлектері.

«Дәл осы құрамада бірнеше күн бұрын ғана классика бойынша бақ сынасқан едік, – дейді турнир жеңімпаздарының бірі Әсел Серікбай, – Алайда жылдам шахмат түрлерінде жүлделі орындар сәл басқаша бөлінді. Жалпы алғанда мен қорытынды есепке ризамын – жақсы ойын көрсетіп, бар күш-жігерімді сала алдым».

Рапид бойынша күмісті Дәулетбаева Мадина иемденсе, қоланы Гүлмира Дәулетова қанжығалады. Блиц бойынша екінші және үшінші орын тиісінше Амина Қайырбекова мен Ксения Балабаеваға тиесілі.

«Бұл турнир өте ерекше. Себебі Қазақстанда алғаш рет рапид пен блицтен өткен чемпионат алғаш рет электронды құралдар арқасында онлайн көрсетілімге шықты», – дейді Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Рапид бойынша чемпионатқа барлығы 29 спортшы қыз қатысса, блиц боййынша барлығы 30 шахматшы қыз бақ сынасты. Ел чемпионы атағына үміткерлер үш күн бойына 350 000 тг көлеміндегі ақшалай жүлдеге таласты.