РИНАТ ЖҰМАБАЕВ СЕРГЕЙ КАРЯКИНДЫ ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

Бүгін 2019 жылдың 9 наурызында Бүкіләлемдік командалық чемпионаттың бесінші турнирінде қазақстандық №1 гроссмейстері Ринат Жұмабаев 2016 жылғы әлем вице-чемпионы, аты аңызға айналған Сергей Карякинді жеңді.

«Бұл қиын ойын болды, – дейді Ринат Жұмабаев, – Алайда, мен ойын басталар-басталмас тізгінді өз қолыма алдым. Менің қарсыласым әдеттегідей жоғары деңгейде ойнады, бірақ 5 сағаттан астам уақыт бойы қорғаныста болғандықтан, ол шиеленісті ұстап тұра алмай, қате жіберіп, жеңіліп қалды».

Әрине, Ринат керемет ойын көрсетті, себебі Сергей Карякиннің ең нашар позицияларды қорғау қабілеті аңызға айналып, оны әзіл-қалжың аралас «қорғаныс министрі» деп атайтыны де белгілі. Ол бүгін де жоғары сыныпты ойын көрсетті. Бірақ біздің Ринат одан асып түсті! Ойын соңында жеңіске апарар ешқандай ресурс қалмаған кезде, ақ патша бастаған ладья мен пілдің ержүрек отряды алға бастап, қара патшаға мат тұзағын құра алды. Нәтижесінде, әлем шахмат тәжіне үміткерді сенсациялық жеңу орын алды.

Өкінішке орай, бұл атышулы жеңіске қарамастан, Қазақстан ерлер құрамасы ресейліктерге 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 4-14 наурыз аралығында АХҚО ғимаратында әлемнің 14 елінен келген 10 ерлер мен 10 әйелдер командаларының қатысуымен шахматтан әлем чемпионаты өтуде.

Чемпионаттың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі тікелей эфирін Әлемнің командалық чемпионатының ресми сайтынан көруге болады http://wteams.astana2019.fide.com

Ең соңғы жаңалықтар мына сайттаhttps://kazchess.kz/category/press-center/news/