АТАҚТЫ БОКСШІ ЖАНСАЯ ӘБДУМАЛІКТІҢ ОРНЫНА БІРІНШІ ҚАДАМ ЖАСАДЫ

2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласында командалар арасында шахматтан Әлем чемпионатының 6-туры басталды. Онда ҚР Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Жансая Әбдумәліктің мажарстандық шахматшы Хоанг Тхань Чангқа қарсы тақтасында алғашқы қадам жасады.

«Бірінші қадам символдық болса да, ол өте қызықты болды. Осындай үлкен құрметті миссияға, әсіресе әлемдік деңгейдегі ірі турнирге бірінші рет қатысудамын», – деп мойындады боксшы, – «Жансая – мықты шахматшы, бүгін оның жеңіске жететініне сенімдімін».

«Серік қалай соққы беру керектігін біледі. Бүгін және әрдайым мен өз күшіме сенімдімін, бірақ қосымша моральдық қолдау артық болмас. Олимпиада боксшысының алғашқы қадамы сәттілікке жолбастауға міндетті», – деді Жансая матч алдында.

Олимпиада чемпионы командалар арасында шахматтан Әлем чемпионатына дайындау мен өткізу сапасын жоғары бағалап, бұл шара қазақстандық шахмат жанкүйерлері үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы ел үшін де маңызды екенін атап өтті. Боксшы жас ұрпақ арасында шахматты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

«Бокста, шахматта да дұрыс жоспарланған стратегиясыз жеңіске жету қиын. Мен өзім де жас кезімде шахматпен айналыстым, ал қазір балаларым шахмат секциясына қатысады. Уақыт өте келе, Қазақстанда шахмат бокс сияқты танымал болады деп сенемін», – деп қорытындылады спортшы.

Шахматтан Әлемдік командалар чемпионатының 6-шы кезеңінде қазақстандық әйелдер құрамасы Мажарстан өкілдерімен ойнайды, ал ерлер командасы Үндістаннан келген ойыншыларға қарсы ойнады.

Чемпионаттың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі тікелей эфирін командалар арасында шахматтан Әлем чемпионатының ресми сайтынан көруге болады http://wteams.astana2019.fide.com

Ең соңғы жаңалықтарды мына сайтан оқи аласыздар: https://kazchess.kz/category/press-center/news/

 

Әлем чемпионатының бас демеушісі – «Eurasian Resources Group» компаниялар тобы

 

 

Әлем чемпионатының бас серіктесі – ФНБ Самрук Казына

     

 

 

 

Чемпионат серіктесі — «Астана» Халықаралық қаржы орталығы

 

 

_________________________
photo by David Llada