СЕГІЗ ЖАСАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГЕРМАНИЯДАҒЫ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІНДЕ АЛТЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Германияның Карлсруэ қаласында GrenkeСhess Open шахмат фестивалі өз мәресіне жетті. Онда 14 жасқа дейінгі категорияда қазақстандық Сауат Нұрғалиев (8 жаста) бірінші орынға ие болды. Сауат «В» турниріне қатысушы ең жас спортшы болды. Бұл турнирген әлемнің 33 елінен 797 спортшы қатысқан.

«Соңғы тур алдында Сауат 7 партияны жеңіспен аяқтап, бір жеңілісі болды. Жалпы қорытынды есепте қарсыластарымен 2-6 орынды өзара бөлген болатын, – дейді шахматшының бапкері Ержан Шәкенов, – Соңғы шешуші партия бес сағатқа созылды. Бірақ Сауат онда қарсыласына есе жіберіп, төменгі орынға түсіп қалды. Алайда өз жас категориясында біздің шахматшыға ешкім тең келмеді».

GrenkeСhessOpen шахмат фестиваліне барлығы 2000 адам қатысқан. Сауат қатысушылар арасындағы жалғыз қазақстандық болған. Жалпы есептік таблицада жас спортшымыз 14 орынға ие болды. Фестивальге әлемдік шахматтың көптеген жұлдыздары қатысты. Мәселен, қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен, сонымен қатар, Фабиано Каруана, Вишванатан Ананд, Левон Аронян және басқалар.

«Фестивальге жұлдызды адамдардың қатысуы турнирдің өте жоғары деңгейде екендігін көрсетеді, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Сауат жалғыз адамның да жетістікке жете алатынын көрсетіп, жеті бірдей партияда өзінен жасы үлкен, тәжірибесі көп спортшыларды жеңді».

GrenkeСhessOpen – 2013 жылдан бері Германияның Карлсруэ және Баден-Баден қалаларында жыл сайын өткізіліп келе жатқан шахмат фестиваль-турнирі.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.