Құрметті шахматшылар!

SONY DSC
Қазақстан шахмат федерациясы сіздерді Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Кубогы турнирі аясында өтетін шахмат ойынының бір уақыттағы сеансына шақырады.  Бір уақыттағы ойнының шақырылған халықаралық гроссмейстерлер:

  • Әлем Кубогының иегері Борис Гельфанд (Израиль)
  • Азия Кубогының иегері Ринат Джумабаев (Қазақстан)

Гроссмейстерлер туралы қысқаша ақпаратты осы жерден көре аласыздар.

Бір мезгілдік ойынға 2016 жылдың 31-мамыры Астана уақыты 18:00-ге дейін тіркелген алғашқы 22 әуесқой ойыншы қатыса алады.

Қатысатын топтардың жас санаттары мен саны:
1) 7 жасқа дейін – 5 адам
2) 8-18 жас аралығында – 5 адам
3) 19-50 жас аралығында – 7 адам
4) 50 жастан жоғары – 5 адам

Өту уақыты: 2016 жылдың 20 маусымы, сағ. 11:00 де
Өту орны: Ritz-Carlton Алматы

Бір уақыттағы ойынға қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін қатысуға тіркелу формасын толтырыңыз және біздің электрондық поштамызға жіберуіңізді сұраймыз: office@kazchess.kz

22 қатысушы мен резервтегі 8 ойыншы (әр жас санатында 2 қосалқы ойыншыдан) тізімін сайтымызда 2016 жылдың 1-маусымында жариялайтын боламыз.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: +7 727 349 40 04