ТӨРЕШІЛЕРДІҢ СЕМИНАРЫНА БАРҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Төрешілердің семинары 22-26 шілде аралығында Астана қаласында  “Astana open” фестивалі кезінде өткізіледі.

Қазақстан шахмат федерациясы судьялардың біліктілігін арттыру мақсатында ФИДЕ судьяларына арналған семинарға қатысу үшін конкурс жариялайды. Конкурсқа ұлттық төрешілер, ФИДЕ төрешілері  қатыса алады. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: 1-кезеңде өтінімдер  қарастырылады, 2-кезең  Skype арқылы  әңгімелесу өтеді. Конкурс нәтижелері бойынша семинарға қатысу мүмкіндігіне 5 төреші  ие болады. ҚШФ  семинар кезіндегі қатысушылардың іссапар шығыстарын (жол жүру, тұру, тамақтану, жарна төлеу семинар) өтейді.

Конкурсқа қатысу үшін office@kazchess.kz  эл.мекенжайына келесі құжаттырды жіберу керек:

  1. Жеке куәлігінің көшірмесі
  2. FIDE ID
  3. төреші лицензиясының/сертификатының көшірмесі (ұлттық төреші, фиде төрешісі)
  4. 4. Толтырылған өтінім

Өтінімдер 2017 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады