20 ДЕЙІНГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

2018 жылдың 5 қыркүйегінде Гебзе қаласында 20 жасқа дейін шахмат бойынша әлем чемпионаты басталады. Турнирде 9 қазақстандық спортшылар қатысады, олардың төртеуі – Қазақстан шахмат федерациясының ресмі ойыншылары ретінде қатысады.

LIVE Games

Chess 24 Broadcast Open
Chess 24 Broadcast Girls

Чемпионат 61 елден 168 спортшылар қатысатын опен-турнирге және әлемнің 45 елінен 99 шахматшы қыздар қатысатын қыздар арасында өтетін жарысқа бөлінген.

Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) ресми қатысушылары:

  • FM (ФИДЕ шебері) Денис Махнев, ЭЛО рейтингі 2449 (Павлодар қ.),
  • WFM (ФИДЕ әйелдер шебері) Асель Серікбай, 2125 (Қызылорда қ.),
  • WCM (шеберге әйелдер кандидаты) Нурғали Назерке, 2080 (Қызылорда қ.),
  • FM Алишер Сулейменов, 2307 (Павлодар қ.).

Әлем біріншілігінің жүлделі орындарына тағы да – WFM Меруерт Камалиденова, 2011 (Астана), FM Жандос Ағманов, 2379 (Астана), CM Арыстанбек Уразаев, 2333 (Ақтөбе), FM Қазыбек Ногербек, 2261 (Астана), CM Сауат Нурғалиев, 1685 (Астана) күреседі.

Турнир жеңімпаздары гроссмейстер (GM) атағын алуға, күміс және қола жүллдегерлері – халықаралық ерлер шебері (IM) атағын алу құқығына ие.

Чемпионат 11 турда швейцария жүйесі бойынша өтеді. Жалпы жүлде қоры – 10 000 евро. Опен-турнирде бірінші орын үшін жүлде  – 3000 евро, қыздар арасындағы жарыста – 2000 евро. Турнир 16 қыркүйекке дейін өтеді.

Еске салайық, былтырғы, Италияның Тарвизио қаласында өткен 20-ға дейінгі әлем чемпионатында IM Жансая Абдумалик (2482 ЭЛО) керемет ойын көрсеткен. 11 турдың нәтижелері бойынша ол 9,5 ұпай жинап, Анастасия Парамзинаны (РФ) және Дженнифер Юды  (США) озып, алтын медальды жеңген.