СТУДЕНТТІК КОМАНДАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

КИМЭП Университетінің аумағында қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында өткен шахмат турнирі аяқталды. Алғашқы екі орынды ХАТУ Университетінің командалары иеленді, Энергетика және байланыс университеті қола жүлдені алды, Аграрлық академияның артынан төртінші орынға ие болса, бесінші орын КИМЭП-ке бұйырды.

Сондай-ақ, байқаудың жеке қорытындысы шығарылды. Алғашқы тақтада Тұран университетінің студенті Қасым Дияр 7 ұпайдың 7-уін жинап, үздік нәтиже көрсетті. ХАТУ-1 командасының өкілі Ахметов Аян 6,5 балл, Аграрлық Университеттің студенті Ахатханов Тілемберді 6 ұпай жинады.

Екінші тақтаның нәтижелері мынадай болды. Мезенцев Иван (ХАТУ-1) 6,5 ұпай жинады. Энергетика университетінің студенті Бақыт Ерсайын 6 ұпай, ҚНУ студенті Сапарбаева Ситора да 6 ұпай жинады.

Үшінші тақтада ХАТУ-2 құрамасының өкілі Қамбаев Бахытжан 6,5 ұпай, АЛМАУ студенті Хамит Дәулет 6 ұпай, ХАТУ-1 комнадасының мүшесі Насыбуллина Альфия 5,5 ұпайға ие болды.

Төртінші тақтада КИМЭП-тен Евгений Маринушкина 7 балл, Муратова Анель (ХАТУ-1) 6,5 ұпай, Қозыбаева Алиса (ХАТУ-2) 6,5 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі медальдар мен кубоктар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табысталды.

Толығырақ