СТУДЕНТТІК КОМАНДАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ШАХМАТ ТУРНИРІ

19 сәуірде КИМЭП Университетінің аумағында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының арасында шахматтан ашық чемпионат басталады. Бұл сайыста Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарының, алыс және жақын шет елдердің шахмат ойыншылары күш сынаса алады.

Турнирге қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

– мөрмен куәландырылған және жауапты тұлғаның қолы қойылған (команда атынан) конкурсқа қатысу өтінімі;

– аталмыш оқу орнында күндізгі бөлімде оқитынын растайтын құжат (әрбір қатысушыдан);

– жеке куәлік көшірмесі (әр қатысушының).

Алдын-ала тіркелу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттар тізімін мына мекен-жайға жіберу керек: chessteam.kimep@gmail.com

Тіркеу 16 сәуірде 23 сағат 59 минутта аяқталады.

Толығырақ
Ережені жүктеу