МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алматыда бір уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі турнир өтті: есту және көру қабілеті бұзылған спортшылар үшін республикалық турнир, сондай-ақ Дүниежүзілік мүгедектер күніне арналған халықаралық турнир.

Республикалық турнирдегі жеңісті көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының экс-чемпионы шымкенттік Ринат Сатыбалдиев жеңіп алды. Алматылық Самажан Кеттебеков екінші орынды иеленді, ал қола Нұр-Сұлтандық Сұлтан Қожахметовке бұйырды.

Әйелдер арасында осы турнирдегі орындар келесідей бөлінді: 1-орынды Нұр-Сұлтаннан Алия Мұратова, екінші орынды алматылық Нина Жуковская алды, және алматылық Лейла Несипжан үштікті толықтырды.

Халықаралық турнирде қазақстандықтардан басқа Армения, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген қонақтар ойын көрсетті. Қызу күрес нәтижесінде үш шахматшы бірдей нәтижемен мәреге жетті. Қосымша индикаторларды қолдану арқылы жеңімпазды анықтауға тура келді.

Жеңіске Қазақстан саңыраулар қоғамынан алматылық Берік Нұрымов жетті, екінші орынды шымкенттік Ринат Сатыбалиев иеленсе, алматылық Самажан Кеттебеков үздік үштікті жапты.

Әйелдер арасында қостанайлық Алмаш Нүсероваға – 1 орын, алматылық Нина Жуковскаяға – екінші орын, ал қола – ақтаулық Наталья Гороховаға бұйырды.

Ересектермен тең дәрежеде күрескен елордалық мектеп оқушысы Сұлтан Қожахметовтің тамаша ойынын ерекше атап өту керек. Жеңімпаздардан басқа, әйелдер арасында есту қабілеті нашар қазақстандық шахматшылардың бұрыннан келе жатқан көшбасшысы Нина Жуковская да өзінің тұрақты ойынымен ерекшеленді. Ең жас қатысушы Лейла Несіпжан да өзін жақсы жағынан көрсетті.

Турнир аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы (есту қабілеті нашар шахматшылар), халықаралық спорт шебері Максим Рожков ҚШФ-на  есту қабілеті нашар спортшыларға Миланда үш аптадан кейін басталатын алдағы Паралимпиадалық ойындарға дайындалуға көмектескені үшін алғыс айтты.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

КФШ ақпараттық серіктестері: