5 қыркүйек күні “Қазақстан шахмат федерациясы” РҚБ (ҚШФ) Атқару комитетінің төртінші отырысы өтті.
Жиында бірқатар мәселелер қатарында “Қазақстан Республикасында шахмат бойынша ресми турнирлерді өткізетін ұйымдарды
(заңды тұлғаларды) байқаулық іріктеуден өткізу Ережелері ” қаралып, тиісті байқау* жариялауға шешім қабылданды . Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап КФШ турнирлерінің ұйымдастырушылары жыл сайынғы іріктеу нәтижелері бойынша анықталады.
Әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Рустам Хуснутдиновтың ұсынысы бойынша ФИДЕ шебері Әсел Серікбайға ҚШФ стипендиясы тағайындалды.
*Байқау туралы толық ақпаратты мына жерден ала аласыз.