РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ БОЙЫНША 18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

12-16 сәуір аралығында Грекияның Крит аралындағы Херсониссос қаласында 8,10,12,14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында рапид пен блиц бойынша Әлем Чемпионаты өтеді.

Турнирге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • 2020 жылдың 16 ақпанына дейін kamilya.a@kazchess.kz электрондық мекен-жайына  турнирге қатысу өтінімін жіберу;
  • 16.02.2020 ж. дейін  70 еуро көлеміндегі ФИДЕ жарнасын Қазақстан шахмат федерациясына  төлеу;
  • Алып жүруші мен қосымша қатысушы үшін 16 ақпанға дейін Греция шахмат федерациясына 100 еуро көлемінде тіркеу жарнасын төлеу;
  • Орналасу ақысының 30% төлеу .Бағасы тәулігіне үш орындық нөмір үшін бір адамнан 58 еуро, екі орындық нөмір үшін бір адамнан 65 еуро және бір орындық нөмір үшін бір адамнан 89 еуро.
    Толығырақ: турнир регламентінде