ВЛАДИСЛАВ ТКАЧЕВ АЛМАТЫДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

Ханты-Мансийскте өтетін Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасына қызу дайындалып жатқан Қазақстан ерлер құрамасымен Алматыда 25 қазан мен 1 қараша аралығында оқу-жаттығу жиыны өтуде.

ОЖЖ-ға Ринат Жұмабаев, Денис Махнев, Арыстанбек Оразаев, Жандос Ағманов Петр Костенко, Павел Коцур қатысып жатыр.

Біздің шахматшылар үшін шеберлік-сыныбын атақты шахмат жаттықтырушысы Владислав Ткачев – 2000 жылғы ФИДЕ әлем чемпионатының ширек финалисті, классика және блиц бойынша Еуропа чемпионаттарының жеңімпазы (2007), “Де Вариант” командасы құрамында Еуропа чемпиондары Кубогының жүлдегері, Ресейдің үш дүркін чемпионы және Еуролиганың екі дүркін чемпионы, Франция құрамасы құрамында 2013 жылғы Еуропа командалық біріншілігінің Вице-чемпионы өткізіп жатыр.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО, әлеуметтік серіктесі –  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. 

КФШ ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді.

Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.