ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТ

21-29 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында Аймақтық чемпионат өтеді (3.4 аймағы). Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

Ерлер арасындағы турнирдің екі жүлдегері ерлер арасындағы Әлем Кубкіне қатысуға мүмкіндік алады. Әйелдер арасындағы аймақтық турнир жеңімпазы әйелдер арасындағы Әлем Кубкіне қатыса алады.

Жарысқа қатысуға ЭЛО рейтингі бойынша ерлер арасында 2200-ден және әйелдер арасында 2000-нан төмен емесспортшылар ғана өткізіледі. Әр федерация екі ресми ойыншыны жібере алады (1 ер адам және 1 әйел адам), бұл адамдарға ұйымдастырушылар турнир кезінде тегін пансион мен тегін тұру орнын ұсынады. Сонымен қатар, аталмыш турнирге өздерінің жатын орындарын өздері төлеуге тиісті қосымша қатысушылар жіберілетін болады.

Ресми қатысушылар үшін қатысу құны $75 көлемінде болады. Ал қосымша қатысушылар үшін – $150.

Және де әрбір қатысушы тіркелу үшін аккредитация мен әуежайдан транферді есептегенде $100 болатын қаражатты өтеу тиіс.

Қонақ үйді алдын ала жалдау көмек алу үшін ұйымдастырушылармен 2019 жылдың 1 мамырына дейін байланысу керек.

Турнирге қатысудан үмітті барлық адамдардан толтырылған  өтінішті Қазақстан шахмат федерациясының kamilya.a@kazchess.kz электронды поштасына жіберуді өтінеміз

Толығырақ

Реглементті жүктеп алу